Қазақстанда Мемлекет басшысының төрағалығымен халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті.
Ақорда баспасөз қызметі жиында Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланғанын хабарлады.
Отырыс қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.