Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінің басшысы болып Сәбит Нұрлыбай тағайындалды

Сәбит Нұрлыбай Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлыбай Сәбит Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Сәбит Нұрлыбай 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын, Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітірген. Мамандығы бойынша — инженер-механик, заңгер.

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік органдардың құрылымында, атап айтқанда ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде, ҚР Өнеркәсіп және сауда министрлігінде, ҚР Парламенті Іс басқармасында және коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс істеді.

1998-2004 жылдары Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінде жұмыс істеді.

2004-2009 жылдары Астана қаласы Тұрғын үй департаментінің директоры; Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі аппаратының басшысы; аппарат басшысы, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының кеңесшісі.

2009-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2017-2018 жж. — ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, орынбасары.

2018 жылдың наурызынан тамызына дейін ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2018-2019 жж. — ҚР энергетика вице-министрі.

2019 жылдың маусым айынан бастап қазіргі күнге дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы болып еңбек етті.

Бұған дейін комитеттің бұрынғы басшысы Қайрат Жақыпбаев Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі болды.

Добавить комментарий