Қазақстан мәжілісі депутаттарын сайлауда азаматтардың 54,21%-ы дауыс берді, бұл 6 366 441 адам. Сайлау нәтижесі бойынша алты саяси партия өтті, алайда олардың бесеуі ғана парламентке өту үшін қажетті бес пайыздық межеден аса алды.
Ресми нәтижелер бойынша, сайлаушылардың 53,9% дауысын жинаған Amanat партиясы көш бастап тұр.
Екінші орында — 10,9% дауыс жинаған «Ауыл» партиясы.
Одан кейін Respublica 8,59% -бен тұр.
Қазақстанның халық партиясы 6,8% дауыс жинады.
«Ақ жол» 8,41% жинады.
«Байтақ» жасылдар партиясы бес пайыздық межеден аса алмады және мәжіліске өтпеді. Оған сайлаушылардың 2,3%-ы ғана дауыс берді.
Сонымен қатар, ел азаматтарының 3,9%-ы «барлығына қарсы» дауыс берді.