ҚР Қорғаныс министрлігі: Жамбыл облысында оқ-дәрі фрагменттерін жару бойынша операция басталды

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Жамбыл облысында оқ-дәрі фрагменттерін жару бойынша арнайы операция басталғанын хабарлады.

Ведомствоның жоспары бойынша жарылыс жұмыстары 13 қарашаға дейін жүргізіледі. «Бұл үшін адамдар жоқ таулы жерде әскери бөлім мен елді мекендерден алыста әскери бөлімнен 12 шақырымнан астам қашықтықта учаске белгіленді», — делінген ведомство сайтында.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына жарылыстар туралы ескертілді, аЖамбыл облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, әскери полиция күшімен жару орнының айналасындағы аумақ қоршалды, «жару кезінде дыбыстық әсер болады» және «жүргізіліп жатқан жұмыстар халық үшін қаупі жоқ».

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасы жарылды — ТЖ өрт салдарынан болған. 17 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алды. Әскери бөлімнің өртке қарсы командасының бастығы Бауыржан Дәуітбаев хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Жақын маңдағы ауылдардан жүздеген адам эвакуацияланды.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, ТЖ нәтижесінде 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық нысан және үш мектеп зақымдалған. Әкімдік екі айдың ішінде үйлерді қалпына келтіруге уәде берді.

10 қазанда Жамбыл облысы Сарыкемер кентіндегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасында тағы бір жарылыс болды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, «осыған дейінгі өрт кезінде зақымданған қауіпті зат жарылды». Сондай-ақ, ведомства өкілі жарылыстан ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

Добавить комментарий