Италияда тыңшылық жасады деп айыпталған ер адамға қатысты тергеу амалдары аяқтады

Италияда Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деп айыпталған ер адамға қатысты тергеу аяқталды.

Рим прокуратурасы мен Италия әскери прокуратурасы Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деп айыпталған және әскери түрмеде отырған әскери қызметші Вальтер Биотқа қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы сейсенбі күні ANSA агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, Биотты сотқа берген Рим прокуратурасы тыңшылық жасады, мемлекеттік құпияны жария етті және сыбайлас жемқорлық жасады деп, ал екінші инстанция — «тыңшылық жасау мақсатында құпия ақпарат жинады», «құпия сипаттағы ақпаратты жинады және жария етті» және «тыңшылық мақсатында фототүсірілім жүргізді» деп айыптады.

Биот, Қорғаныс министрлігі Бас штабының қызметкері, үш баланың әкесі, 30 наурыз кні кешке РФ елшілігінің қызметкерімен Рим қаласы перифериялық ауданындағы тұрақта ұсталды. Олардан деректер жиналған қрылғы мен қолма-қол ақша салынған коробка тәркіленді. Италия билігінің шешімі бойынша елшілік қызметкері мен оның басшысы — әскери атташе елден шығарылды. Италияда болған оқиғаны РФ тарапы «дұшпандық акт» деп атады. Ресей СІМ дипломаттардың шығарылуына өкініш білдірді. Кейіннен Италияның Мәскеудегі елшілігінің әскери атташе қызметкері РФ-дан шығарылды.

Добавить комментарий