Қазақстанда бес облыста дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз 16 сәуірде Қарағанды облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік- шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 16 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.