
Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 372 шақырымда 4, 4 балл күшімен жер асты дүмпулері тіркелді. Жер сілкінісі 2021 жылдың 11 қаңтарына қараған түні болды.
Оқиға туралы толығырақ
“2021 жылдың 11 қаңтарында 01:38-де Алматы уақытында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 372 км жерде қашықтықта Қырғызстан аумағында болды”, – делінген “ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ” ММ сейсмикалық станциялар желісі хабарламасында.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.9.
MPV магнитудасы 4.4.
Эпицентр координаттары 41.08° с.е. 73.44° ш.б.
Тереңдігі 5 км.
Сезілуі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ