ҚР мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы үштен біріне қысқарды

Ағымдағы жылы, өткен сегіз айдың ішінде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сыртқы сауда айналымы айтарлықтай қысқарды. Қырғыз Республикасының Ұлттық статистика комитеті хабарлағандай, осы уақыт ішінде сауда көлемі $471,3 миллионды құрап, 30 пайызға қысқарды.

Экспорт $170,5 миллион сомасында қалыптасты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,3 пайызға аз. Қазақстандық өнімнің импорты $300,8 млн құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға төмен.

Қырғызстанның сыртқы сауда айналымындағы Қазақстанның үлес салмағы 13,5 пайызды құрайды.

Добавить комментарий