ҚР-да жер салығын 10 қарашаға дейін төлеу қажет

Қазақстандықтарға бірыңғай жер салығын төлеу мерзімі екі күннен кейін — 2022 жылдың 10 қарашасында аяқталатыны туралы ескертілді.

Бұл жер үсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы ға да қатысты.

Оларды шаруа және фермер қожалықтары үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейінгі кезең үшін арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын салық төлеушілер төлейді.

Бұл ретте «Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы» заңның 57-4-бабына сәйкес шаруа және фермер қожалықтары үшін АСР қолданатын тұлғалар 2020 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде төлеуге жататын бірыңғай жер салығының есептелген сомасын 100%-ға азайтуға құқылы.

Сонымен бірге бірыңғай жер салығын төлеушілер жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуден босатылмайды, сондықтан мұндай міндеттемелер болған кезде белгіленген мерзімнен кешіктірмей төлеу қажет.

Добавить комментарий