ҚР-да жаңа үнді марихуана плантациялары табылды

Қазақстандық полицейлер үнді марихуанасының плантацияларын анықтады.

Анықтама! Каннабистің осы түрінің сабағы биіктігі 4 метрге дейін жетеді.

Оңтүстік өңірлерде үнді марихуанасының плантациялары анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асхат Мұхаметқалиев мәлімдеді.

«Жұмыс бағыттарының бірі — құрамында есірткі бар өсімдіктердің өзіндік шикізат базасы. Ең алдымен, Шу алқабының жабайы өсетін кендірі. Жыл сайын «Қарасора» кең ауқымды операциясы барысында гашиш пен марихуананы дайындау, сақтау және сатудың мыңнан астам фактілерін анықтаймыз. Бұдан басқа, оңтүстік өңірлерде, алыс аудандарда сабақтары төрт метрге жететін үнді марихуанасының бүкіл түрлері өсіріледі», — деп хабарлады ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асхат Мұхаметқалиев.

Мұхаметқалиевтің айтуынша, мұндай дақылдарға қызмет көрсететін қоймалар жабдықталып, өсімдіктерді тамшылатып суару жүйесі құрылуда.

«Мұндай алқаптарды баптау үшін жұмысшылар мамырдан қазанға дейін жұмыс орнында. Мерзімді түрде олар азық-түлік пен қажеттінің бәрін әкеледі. Маусым-қазан айлары аралығында Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтары мен Ұлттық ұланмен бірлесіп, Қызылорда облысы мен іргелес аудандарға тікұшақпен ұшулар жасаймыз», — деп хабарлады Асхат Мұхаметқалиев.

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы жыл сайын осындай 60-қа жуық плантация анықталып, жойылатынын нақтылады. Бұл өсірілген марихуана егілген шамамен 20 гектар жер. Жыл сайын 20 тоннадан астам есірткі тәркіленеді.

Айдың басында Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы аумағында қарасора тобының есірткі заттарын жеткізу және сатумен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті жолын кесті. Бір жарым тоннаға жуық әртүрлі есірткі түрлері, оның ішінде бір тонна 137 келі марихуана, 285 келі гашиш және 61 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Нұр-Сұлтан (үш), Алматы (бір), Ақтөбе (екі), Алматы (бір), Шығыс Қазақстан (екі), Жамбыл (бір) және Қарағанды (бір) облыстарында 11 есірткі зертханасы жойылды. Есірткі өндірумен айналысқан 15 азамат ұсталды. 56 килограмм есірткі және 165 литр прекурсор тәркіленді.

Добавить комментарий