Қазақстанда 9,412 мың адам ревакцинациядан өтті. Иммунопрофилактикадан қайта өткен адамдардың саны бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр — 1425 адам қайта екпе алды.
Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов айтты.
Ревакцинациядан өткен адам саны бойынша алдыңғы үштікте Қарағанды облысы (1425 адам), Алматы (1291 адам) және Солтүстік Қазақстан облысы тұр.
Ревакцинация 22 қарашада басталды. Бірінші кезеңде ревакцинация халықтың осал топтарын қамтиды:
медицина қызметкерлері;
педагогтар;
МӘМ және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті;
күш құрылымдарының қызметкерлері;
60 жастан асқан адамдар;
өздігінен зерттеуден өткен және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар.
Екінші кезеңде вакцинацияны екі дозамен аяқтаған адамдар қамтылады.
Сондай-ақ, вице-министр бүгінгі таңда 62 707 бала және 17 015 жүкті және емізулі баласы бар әйелдер вакцинациядан өткенін хабарлады. Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілді.
Елімізде 8,7 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды.
«Вакциналауға тиісті халықтың 76,6%-ы немесе жалпы халықтың 46,2%-ы қамтылды, екінші компонентпен тиісті халықтың 70,8%-ын немесе жалпы халық санының 42,7%-ын қамти отырып, 8 млн астам адам егілді», — деп хабарлады Марат Шоранов.