Қытайда КВИ-ге қарсы 11 вакцина тестіленуде

Қытайдың ғылым және техника министрі Ван Чжиган қазіргі таңда елде коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған 11 вакцина сынақтан өтіп жатқанын айтты.

Ван Чжанг, эпидемияны толық бақылауға алу әлі мүмкін емес дейді. Министрдің айтуынша, коронавирустың жаңа өршуі күзде және қыста болуы мүмкін. Ол бүкіл әлем ғалымдары дәрі-дәрмектерді зерттеу және әзірлеу үшін коронавирус туралы ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) уақтылы жібергенін баса айтты.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем жаңа пандемияға дайындалуы тиіс, себебі коронавирус әлі жеңілмеген деп мәлімдеді. ДДҰ бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус Женевада өткен брифингте қазіргі пандемия соңғы болып табылмайтынын, сондықтан әлем жаңасына алдын ала дайындалуы тиіс деді. Содан кейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш коронавирус пандемиясы «бақылаусыз қалып отыр» деп мәлімдеді.

Добавить комментарий