2021 жылы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 150 пайызға көтеру жоспарланып отыр. Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізіледі.
Қазақстан мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап көшеді.
Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы биыл 150%-ға дейін көтеріледі
Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі жалақыны әдеттегі механикалық көтерілуіне байланысты емес. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қалай есептелетінін МҚІА мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукенов айтып берді.
«Шын мәнінде бұл өте өзекті мәселе, оны қазір қызу талқылауда. Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап біз еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеміз.
Бұл еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі жалақының әдеттегі механикалық тұрғыда көтерілуіне байланысты емес. Бұл мүлдем жаңа институционалдық құрал, онда біз мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын төлеу тәсілдерін қайта қарастырамыз», — деді Жарқын Тілеукенов ОКҚ-да өткен брифингте журналистердің берген сауалдарына жауап бере отырып.
Спикер егер ескі жүйе бойынша жалақы деңгейі атқаратын лауазымына байланысты анықталса, онда ұсынылып отырған жүйе лауазымның маңыздылығын ескеретінін атап өтті.
«Яғни, осы лауазымда тиімді жұмыс істеу үшін құзыреттердің қаншалықты және қандай спектрі мен сапасы, өкілеттіктер шеңбері, жауапкершілік шеңбері қажет. Бұл лауазымдар өзара салыстырылады, нәтижесінде «бірдей еңбекке – бірдей төлем» қағидаты жұмыс істейді», — деп түсіндірді Жарқын Тілеукенов.
Оның айтуынша, сараланған еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша 2018 жылдан бері қолға алынып, мемлекеттік қызметтің тартымдылығы мен тиімділігін арттыру тұрғысынан өзінің тиімділігін дәлелдеді.
«Қазір «бірдей еңбекке – бірдей төлем» қағидаты бойынша лауазымдарды деңгейлері бойынша бөлу жобасы әзірленіп, функционалдық блоктар бойынша лауазымдарды бөлу әдістемесі пысықталуда.
Яғни, лауазымның стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге қаншалықты тікелей әсер ететіні сараланады. Стратегиялық блок бар, осы стратегиялық функцияларды іске асыруға ықпал ететін лауазымдар бар, мемлекеттік органның қызметін техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын лауазымдар бар. .
Қандай да бір функционалдық блокқа тиістілігіне байланысты мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы мөлшері сараланатын болады», — деп толықтырды Жарқын Тілеукенов.
Жалақының номиналды мәні бойынша есеп айырысуды қазір уәкілетті органдар жүзеге асыратыны хабарланды.
«Негізгі күш ауылдық және аудандық деңгейдегі қызметкерлердің еңбекақысындағы алшақтықты қысқартуға салынады. Жалпы жүйе бойынша алсақ, алдын ала болжанып отырған өсім 150-ден 30% дейін», — деп түйіндеді Жарқын Тілеукенов.
Айта кетейік, 2021 жылғы 1 қыркүйегінен бастап ҚР БҒМ жоғары оқу орындарының оқытушыларына жалақыны 400 мың теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.