Украина Ресей мұнайының транзитіне тарифті екі есеге арттыруды жоспарлап отыр

Argus агенттігінің хабарлауынша, 1 сәуірден бастап «Укртранснефть» АҚ «Дружба» құбыры арқылы ресейлік мұнайдың транзитіне қойылатнын тарифті арттыруды жоспарлап отыр.

«Коммерсант» басылымының мәліметі бойынша, мөлшерлеме екі есеге артып, тоннасына 27,2 еуро болады. Тарифтің артуы ресейлік қарулы агрессия салдарынан бүлінген мұнай тасымалдау инфрақұрылымын қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстармен түсіндіріледі.

Алайда транзит тарифін көтеру туралы түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ және келіссөздер жалғасып жатыр. Киев бұл мәселені шикізат алушылармен — Словакия мен Мажарстанмен келісуі тиіс.

Добавить комментарий