Қазақстанда магистратураға грант конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды. Конкурсқа алты мың адам қатыса алады.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша беріледі. Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 40 мың адам тапсырды. Олардың 41%-ы немесе 16 мың адам шекті балл жинады, олар конкурсқа қатыса алады.
Конкурсқа құжат қабылдау 11-20 тамыз аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары және виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады.
Магистранттарға грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттар қажет
Министрлік конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет екенін еске салды:
жеке куәліктің көшірмесі, жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымша),
кешенді тестілеу сертификаты,
шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда),
075/у нысанындағы медициналық анықтама.
Құжаттарды тапсыру кезінде талапкер білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.
Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді, деп хабарлады ведомстводағылар.
Магистратураға білім беру гранты иегерлерінің тізімі 26 тамызға дейін Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.