ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары электромобиль инфрақұрылымын дамыту мүмкіндігін талқылады.
Мұндай норма «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.
«Заң жобасын қабылдау электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамытуға, экологиялық таза көліктерді пайдалануға жағдай жасауға, электр зарядтау станцияларын орнату бойынша қызметті реттеудің құқықтық тетіктерін жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте электромобильдерді тоқтату немесе тұраққа қою үшін белгіленген орындарда көлік тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», — деді Мәжіліс депутаты Александр Милютин.
28 желтоқсанда Мәжіліс депутаттары Нұрсұлтан Назарбаевты «Елбасы» мәртебесін ауыру туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады.