Қазгидрометтің хабарлауынша, елде алдағы үш күнде ауа райы суытады.
Синоптиктер 14-16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Салқын Атлантикалық ауамен қуатталатын ауқымды антициклон, Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырады және енді оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде температураның төмендеуіне алып келеді.
Оңтүстікте термометрлер күндіз 22…30 жылуға, оңтүстік-шығыста 17…25 жылуға, ал шығыста 15…25 жылуға дейін төмендейді. Бірақ солтүстік аймақтар аздап жылынуды күтуде. Мұнда температура 23…28 жылуға дейін көтеріледі. Қазақстанның батыс жартысына ғана, Иран аудандарынан келетін жылы және құрғақ ауа массалары, жауын-шашынсыз ауа-райын сақтайды және температураның негізгі аясын 32…40 жылу аралығында болады, — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.