Қазақстанның 6 өңірінде құрғақшылық болады

Метеорологтар Қазақстан аумағында құрғақшылық болады деп хабарлады.

«Ақмола (Жақсы ауд.), Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары), Шығыс Қазақстан (Бесқарағай ө.) және Маңғыстау облысында (Қарақия ө.) қатты құрғақшылық күтілуде. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында экстремалды құрғақшылық болжануда», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттары Қызылорда және Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай енгізуді ұсынған болатын. Олардың айтуынша, осы аймақтарда мал азығына қатысты жағдай өте қиын. Онда аштықтан, тек ресми мәліметтер бойынша, екі мыңға жуық мал қырылды.

Депутаттар үкіметті шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, сондай-ақ агросферадағы көптеген жетістіктерге қарамастан, қарапайым проблемалар, соның ішінде азық-түлікпен қамтамасыз ету республикада әлі күнге дейін шешілмегенін атап өтті.

Добавить комментарий