ҚР-да 2021 жылдың жазында Сирия бойынша кездесу өтеді

Қазақстан СІМ Сирия бойынша кездесу ағымдағы жылдың жазында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді деп жоспарланып отырғанын айтты. Атап өтілгендей, Мамыр айында келіссөздер жүргізілмейді.

«Мамыр айында келіссөздер жүргізімейді. Жазда өткізіледі жоспарланып отыр. Әзірге біз [Сирия мәселесін реттеу жөніндегі Астана процессі- Ресей, Түркия және Иран] кепілгер елдерден келіссөздер жүргізу туралы өтінім алған жоқпыз. Олардан ақпарат күтеміз», — деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанда Сирия бойынша халықаралық кездесуді өткізу мерзімдері туралы сұраққа жауап бере отырып.

Бұған дейін Сирия бойынша Астана форматындағы кезекті келіссөздер ағымдағы жылдың ортасында Нұр-Сұлтанда өтеді деп хабарланған болатын.

Сочиде осындай форматтағы 15-ші халықаралық кездесу 16-17 ақпан аралығында өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша Астана процесінің кепілгер елдері бірлескен мәлімдемеде Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын ұстанатынын растап, араб республикасының аумағында терроризмге қарсы күресті бірге жалғастыруға келісті.

Добавить комментарий