Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ, РФ, Қытай және Еуроодақ арасындағы ядролық қаруды кезең-кезеңмен және пропорционалды қысқарту туралы келісімді әзірлеу жөніндегі келіссөздерді бастамашысы болып отыр деп хабарлайды.
Назарбаев әлемнің болашағына АҚШ, Ресей, Қытай және Еуро одақ көшбасшылары ерекше жауапкершілікке ие деп санайды.
«Егер саммитті осы төрт жақты форматта өткізетін болсақ, онда оның басты тақырыптарының бірі ядролық қаруды кезең-кезеңмен және пропорционалды қысқарту туралы көпжақты келісімді әзірлеу болуға тиіс екеніне сенімдімін. Қазақстан аталмыш саммит үшін өз алаңын ұсынуға дайын «, — деп мәлімдеді ол БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясына қатысушыларға арнаған үндеуінде.
Назарбаев сондай-ақ халықаралық қауымдастыққа Қазақстанның үлгісін ұстануға және ядролық қаруды тоқтату үшін күш біріктіруге шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» деген жаңа мәртебе берілген болатын. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында жарияланды. Арнайы сессия 29 тамызда өтетін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай ұйымдастырылды. Мәртебе бастамашыларының пікірінше, «чемпиондар» ЯСЖТШ-ға әлі қол қоймаған (ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт) мемлекеттермен мақсатты ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізетін болады.