ҚР бойынша 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп отыр.

Ертең, 11 ақпанда Қазақстанда көшпелі бұлт шығады, ел аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, Қостанай және Ақтөбе облыстарында қар жауады, оңтүстіктің жекелеген аудандарында жаңбыр жауады, жолда көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 4-9 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 14 м/с жетеді.

Республиканың шығысында тұман иүседі, кей жерлерде көру мүмкіндігі 300 м дейін төмендейді.

Солтүстік және орталық облыстарда түнде −29… −10 °С болады, күндіз ауа температурасы −19… −2 °С болады.

Еліміздің батысында ауа температурасы түнде −7… + 3 °С болады, күндіз термометр бағаналары 0… + 6 °С көрсетеді.

Еліміздің шығыс бөлігінде түнде −21… −18 °С, күндіз ауа температурасы −15… −11 °С дейін көтеріледі.

Республиканың оңтүстігінде түнде −5… −1 °С болады, күндіз ауа температурасы жылиды

Добавить комментарий