Франция үкіметі ғарыш аппараттарын ұшыруды тоқтатты

Ашық ақпарат көздерінен Франция үкіметіне тиесілі ғарыш аппараттарын ұшыру тоқтатылғаны белгілі болды.

Мемлекеттік корпорацияның бас директоры Дмитрий Рогозин OneWeb аппараттарын у ұшыртоқтатылғанын хабарлады.

«Кеше Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕҒА) бізге ұшыруды тоқтатыны туралы қағаз жіберді, шын мәнінде олар ExoMars жобасынан шығады. Мыңдаған адамдар — ғалымдарымыз, еуропалық ғалымдар, ғарыштың энтузиастері — осы миссияны орындауды армандады. Енді бұлар мұндай жобаны тоқтататыны туралы ақылға қонымсыз шешім қабылдайды. Не дегенмен біз оларды жазалаймыз. Биыл Франция үкіметінің мүддесі үшін ұшыру жоспарланған болатын. Демек, бұл аппараттар ұшпайды», — деді журналистерге мемлекеттік корпорацияның бас директоры Дмитрий Рогозин.

Рогозиннің айтуынша, OneWeb аппараттарын ұшыру тоқтатылды. Салдарынан компания 8 млрд евро шығынға ұшырайды, деп атап өтті Роскосмос басшысы.

Бұған дейін ЕҒА хабарлағандай, Еуропалық ғарыш агенттігінің Басқарушылар кеңесі қазіргі жағдайға байланысты ресейлік-еуропалық миссия аясында әріптестікті жалғастыру мүмкін емес деп есептейді. Бұған дейін ЕҒА Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы салынған санкцияларға байланысты ExoMars миссиясын іске қосу мүмкін емес деп санайтынын мәлімдеген болатын.

Бейсенбі күні Рогозин Роскосмос Марстағы зерттеу миссиясын өзі іске қосатынын мәлімдеді.

Добавить комментарий