ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ұсынылған мәліметтерге сәйкес, шетелдің түрмесінде 922 отандасымыз жазасын өтеп жатыр. Ал қазақстандық түрмелерде 970 шетел азаматы отыр.
Статистиканы ҚР бас прокурорының орынбасары Берік Асылов келтірді.
«Былтыр біз елімізде жасырынып жүрген 64 шетел азаматын ұстап бердік, ал бізге басқа елдер 56 қылмыскерді қайтарды», — деді ол.
Сондай-ақ, сенатор Нұрлан Бекназаров Солтүстік Македониямен тиісті шарттар негізінде 2016 жылдан бастап 2021 жылдың бірінші тоқсаны аралығында Қазақстаннан 518 іздеуде болған адам берілді.