Шахтинск қаласының бас санитарлық дәрігері коронавирустық инфекция өршіп тұрған Шахан ауыоында шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады.
Шахан кентінде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық облыстық көрсеткішінен артуына байланысты Шахтинск қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Осылайша, мынадай мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынады:
- мектепке дейінгі балалар мекемелері;
-
балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметі;
-
спорттық-сауықтыру орталықтарының, тренажер залдарының, спорт үйірмелерінің/секцияларының жұмысы;
-
жәрмеңкелер;
-
мәдениет объектілерінің.
Жалпы білім беретін мектептер қашықтықтан оқыту форматына көшеді.
Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі сағат 09-00-ден 20-00-ге дейін 50%-ға дейін толтырылған жағдайда, залда 30-дан аспайтын орын орната отырып, әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізбей шектеу.
Екінші деңгейдегі банктер, пошта бөлімшелері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, адвокаттық және нотариаттық кеңселер, ломбардтар, микроқаржы және микрокредиттік ұйымдар, сақтандыру компаниялары алдын ала жазылу бойынша сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін кіруге болады.
Бұл ретте, республикалық телеарна қарттар үйінде науқастанғандардың нақты санын атады — 70 адам.