Қазақстанда СOVID-19-дан өлім-жітім күрт артты

Қазақстанның COVID-19 бойынша жедел штабы коронавирустық инфекциядан өлім-жітім күрт артқанын хабарлады. Атап айтқанда, 20 адам ковидтен, 2 адам пневмониядан қайтыс болды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19-дың 1 492 жаңа жағдайы тіркелді. Індетке шалдыққандардың көбі Алматы мен Нұр-Сұлтанда анықталды.

Пандемия басталғалы бері елімізде коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмонияның мыңнан астам жағдайы анықталды. 3 696 адам қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирустың жаңа мутациялары анықталғаны хабарланған болатын.

Добавить комментарий