Qazaq Air Алакөлге рейстерді ашады: Ұшу кестесі мен билет бағасы

1 маусымда Qazaq Air компаниясы Астана мен Алматыдан танымал демалыс орны — Алакөл көлінің маңында орналасқан Үржар әуежайына маусымдық әуе рейстерін іске қосады. Ұшу сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері жаңа генерацияланған De-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемесімен жүзеге асырылады.

Рейстер кестесі:

IQ 505 Астана (08:25) – Үржар (10:10)

IQ 506 Үржар (14:30) – Астана (16:10)

IQ 363 Алматы (12:40) – Үржар (14: 00)

IQ 364 Үржар (10:50) – Алматы (12: 10).

Билет бағасын Qazaq Air әуе компаниясының ресми сайтынан көрсе болады: Астанадан ұшу бір ересек жолаушы үшін 23,5 мың теңге, ал Алматыдан — небәрі 17 мың теңге. Qazaq Air компаниясымен ыңғайлы және қауіпсіз саяхаттаңыздар!

Добавить комментарий