Қазақстанда зейнетке шығу жасы қысқартылмайды

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәжіліс депутаттарына ресми жауап жолдап, онда Қазақстанда зейнет жасын төмендетілмейтінін айтты.

Бұған дейін халық қалаулылары үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған болатын, онда олар қазақстандықтардың зейнетке шығу жасын азайтып, әйелдер мен ерлер үшін оны 60 жастан қылып белгілеуге шақырған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ерлер 63 жаста, әйелдер 59,5 жастан зейнеткерлікке шығады. 2027 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасы 63 жасқа жеткенше жыл сайын жарты жылға ұлғаяды.

Депутаттардың пікірінше, жоғарыда аталған шара аға ұрпақтың өмірі мен денсаулығын сақтауға жағдай жасамай, экономикалық дағдарыс жағдайында экономиканың өсуі мен жұмыссыздықтың өсуі бойынша қолайсыз болжамдар еңбек нарығына оң әсерін тигізеді.

Премьер-министрдің депутаттық сауалға берген ресми жауабынан.

Қалыптасқан экономикалық жағдайды, халықаралық тәжiрибенi, экономикалық және демографиялық факторлар негiзiнде ұзақ мерзiмдi актуарлық болжамдарды ескере отырып, зейнетақы жасын арттыру қажеттiлiк болып табылады.

Сондай-ақ зейнеткерлер санының жұмыспен қамтылған халыққа арақатынасы артып отырғанын ескеру қажет. Егер 2010 жылы 1 зейнеткерге шаққанда орташа есеппен 4,8 жұмысшы болса, 2015 жылы — 4,3, ал 2019 жылы — 3,9 жұмысшы.

Бұдан басқа, халықаралық тәжірибеге шолу қарттар үлесінің ұлғаюының тұрақты үрдісін көрсетеді, бұл еңбек нарығындағы жағдайға әсер етеді.

Орта есеппен алғанда әлемде 65 жастан асқан адамдар үлесінің 10% -дан астам ұлғаюы болжанып отыр (2000 жылғы 14,3%-дан 2040 жылы 25,7%-ға дейін), бұл өз кезегінде зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығына әсер етеді.

Осыған байланысты, зейнетке шығу жасын көтеру көптеген елдерде болып жатыр. Анықтама: Мысалы, Ресейде 2019 жылдан 2028 жылға дейін ерлер мен әйелдердің зейнеткерлік жасы біртіндеп 5 жылға көтеріледі. 2017 жылы Әзірбайжанның зейнетақы заңнамасына ерлер мен әйелдердің зейнетақы жасы біртіндеп 60 жастан 65 жасқа дейін көтеріледі деген түзетулер енгізілді. Грузияда ерлер үшін зейнеткерлік жас 65 жасты, әйелдер үшін 60 жасты құрайды. Латвияда ерлер мен әйелдердің зейнеткерлік жасы 2014-2025 жылдар аралығында біртіндеп 62 жастан 65 жасқа дейін көтеріледі. Беларусьте 2017 жылдан бастап ерлер үшін 60 жастан 63 жасқа дейін, әйелдер үшін 55 жастан 58 жасқа дейін зейнеткерлік жасын кезең-кезеңмен арттыру жүргізілуде.

Осылайша, зейнетке шығу жасын арттыру халықаралық тәжірибеге және әлемдегі қалыптасқан экономикалық және демографиялық жағдайға сәйкес келеді.

Добавить комментарий