Путиннің қателіктері: Украинадағы соғыс

Украинадағы соғыс қимылдары басталғалы бері Ресейдегі ахуал тұрақты екені белсенді түрде айтылды. Мәселен, Путин Ресей экономикасы Ресейге Украинаға қарсы әскери агрессиясына байланысты батыс елдері салған санкцияларға байланысты туындаған барлық тәуекелді еңсергенін айтты. Айта кету керек, қазіргі таңда Ресей Федерациясына қарсы Солтүстік Корея мен Ираннан да көп санкция салынған.

Владимир Путин Ресей Германияны басып озып, әлемдегі экономикасы қуатты бес елдің қатарына кіретінін мәлімдеді. «Путиннің мұндай риторикасы экономикаға ғана емес, саясатқа, армияға және т.б. қатысты да жүзеге асырылуда. Бірақ Путиннің режимі ресейліктерді «жарқын болашаққа» жетелеймін деп үміттендіргенімен, оның көршілес мемлекетке әскерін жіберу туралы шешімі Ресейді құрдымға жіберді. Ал Украина, экономика саласындағы проблемаларға және т.б. қарамастан, керісінше, тез қарқынмен РФ ықпалынан біржола шығып, шын мәнінде еуропалық қоғамдастықтың мүшесі болуға дайын мемлекетке айналып отыр. Әрине, бұл өзгерістер бір күннің ішінде бола қоймас, бірақ сөзсіз орын алуы — бұл факт», — дейді батыстық саясаттанушылар.

Өз сөздерінің дәлелі ретінде олар былай деп отыр: «Біріншіден, кең ауқымды соғыс қимылдары Украинаны Кремль қаламаған Еуропалық одаққа қосылуды жылдамдатты. Еске сала кетейік, 2021 жылы Эстония президенті болған Керсти Кальюлайд Украина ЕО-ға мүше болу үшін кем дегенде 20 жыл керек деп айтқан болатын. Қазір не байқап отырмыз? 8 қарашада Еуропалық комиссия Украинаны ЕО-ға қосу туралы келіссөздерді бастауды ұсынды. Украина 2024 жылғы 24 наурызға дейін Еурокомиссияның төрт шартын орындауы тиіс, содан кейін ЕО-ға кіру туралы келіссөздердің шеңбері бекітілетін болады.

Екіншіден, Украина НАТО стандарттарына жақындап қалды, батыс елдерінің қолдауы арқасында өз армиясын нығайтты. Ондаған мың Украина әскерилері шетелде оқыды және әлі де оқып жатыр. Қазіргі таңда украиналық ұшқыштар F-16 жойғыш ұшағын басқаруды үйреніп жатыр. Осыдан 20 ай бұрын бұл ақылға сыймсыз болып көрінді. Үшіншіден, Ресей президенті ресейшіл елдердің бірін Ресейді дұшпан ретінде көретін елге айналдырды. Қазір украиндықтар Ресейге қатысты барлығынан жаппай бас тартып жатыр және орыс тілінде сөйлеспейді. Әртүрлі әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сәйкес украиндықтар ана тілінде сөйлесіп, ақпаратты да өз тілінде оқиды».

Ал Ресейге келетін болсақ?

Саясаттанушылардың пікірінше, біріншіден, Кремль Батыспен ашық түрде конфронтация жүргізуде. Нәтижесінде Путин Ресейді газ бен мұнай экспорттп отырған ірі Еуропаға нарығынан айырды.

Екіншіден, Путин халықаралық аренадағы одақтастарымен арадағы қарым-қатынасына сызат түсті, толығымен оқшауланып қалды. Күллі өркениетті әлем Украинаны қолдап отыр, өз кезегінде Ресейдің негізгі одақтастары Иран, Солтүстік Корея және Беларусь. «Ресейдің агрессор ел екені тек Украинадағы соғыс қана емес, басқа мемлекеттерге қатысты жасап жатқан қоқан-лоқысы дәлел», — деп жазады саясаттанушылар.

Олардың пікірінше, «Путин бүкіл әлемде орыс мәдениеті мен әдебиетіне жағымсыз көзқарас қалыптасуына түрткі болған адам — бұл Кремль үшін нағыз мәдени апат».

Олар өз сөздерінің дәлелі ретінде: «РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жақында мәдени саланы саясатпен араластырмау керек екенін және тіпті қас елдердің мәдениет қайраткерлерімен де ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Осылайша, Путин режимі жағдайды реттеу үшін қас мемлекеттермен ынтымақтасуға дайын екенін көріп отырмыз».

 

Добавить комментарий