Қазнетте Қазақстанның астанасы Түркістан қаласына көшірілетіні туралы видео таралып жатыр.
Видеода президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл идеяны ұсынғаны, ал парламент оны бірауыздан қолдағаны айтылған. Материалдың авторлары астананы көшіру туралы ресми мәлімдеме 2024 жылдың қаңтарында жарияланады деген болжам айтады.
Қазақстан президентінің ресми сайтында астананы Түркістанға көшіру туралы ешқандай ақпарат жоқ, сондай-ақ «қызу талқылау», «бірауыздан қолдау» және «тарихи шешім» туралы ешқандай хабарлама жоқ.
Еске сала кетейік! 2022 жылы әлеуметтік желіде елорданы Қостанай қаласына көшіру туралы ақпарат тараған болатын.