Ресей Президенті Владимир Путин өз алдына қойған мақсатына жету үшін соңына дейін бармақ. Ол Еуропа құрлығында соңғы ондаған жыл ішіндегі ең ауқымды және қанды соғысты бастап, оны тоқтатпайынша немесе ол өз мақсаттарына қол жеткізбейінше соғысты аяқтайтын түрі жоқ. Путинге Украинаның бір бөлігі немесе бүкіл елдің аумағы керек деп есептейтіндер қатты қателеседі. РФ Президентіне соңғы мың жылдай уақыт Ресейдің уысында болған барлық тарихи жерлер керек.
2024 жылдың 24 ақпанында Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға толық көлемде басып кіргеніне екі жыл болды. Бұл әлемдегі жағдай бұған дейінгі және кейінгі кезең деп қарастырылатын болды. Соғыс қимылдары басталғанда барлығының алаңдаушылығын тудырған еді, ал қазір қалыпты күн тәртібіндегі жағдайға айналды, енді Батыстың Украинаға қолдау көрсетуге деген ұмтылысы айқын бола бастады. Кейбір батыс елдерінің мемлекет басшылары, сондай-ақ сарапшылар Путинмен келіссөз жүргізіп, Украина аумақтарын беруге болады деп санайтындықтан, Киевке әскери көмек жіберу мәселесі түрлі пікірталастар тудыруда. Бірақ Батыс елдері Ресей президенті өзін орыс жерлерін жаулап алушы деп есептейтінін түсіну керек. Оның пікірінше, бұл жерлерге бұрын Ресейдің иелігінде болған барлық аумақтар кіреді. Сондықтан ол Украина аумағының бір бөлігін немесе елді толығымен жаулап алып тоқтап қалмайды.
Путин Украинаға басып кіру кезінде нацистердің көзін жойып, НАТО-ның кеңеюіне жол бермейтінін айтқан болатын. Оның бұл сөзіне ешкім сене қоймады, сол кезде-ақ Ресей президенті отарлық соғысты бастағаны, онда оның жолында бірінші болып Украина тұрғаны көпшілікке белгілі болды. 2022 жылдың жазында ол өін Ұлы Петрмен салыстырып, бірнеше айдан кейін Украинаның төрт облысын аннексиялау туралы жарлыққа қол қойды. Содан бері Путин Украина деген ел ешқашан болмады деген идеяны насихаттай бастады.
Кремль пропагандасы да басқа мемлекеттердің тарихы жоқ екенін айта бастады. Бірінші кезекте бұл бұрынғы КСРО құрамында болған елдерге қатысты. Алайда пропагандисттер Польша мен Финляндияға қатысты пікір білдірді. Путин соңғы үндеулерінің бірінде Бельгия мемлекет болып қалыптасуына Ресейге қарыздар деп мәлімдеді. Ал Алясканың АҚШ-қа берілуін жарамсыз деп аталы.
Соғыс қимылдары ұзаққа созылып, Батыстың күмәндануы мен батыл болмауы Путиннің жоспарлары жүзеге асуына жол ашады. Ресей жаулап алған аумақтарды бере салу Ресей президентін тоқтатпайды. Бұл оның жеңісін білдіреді, оның еті соғысқа үйреніп қалған, Путин жаулапалған жерлердегі украиндықтар мен қосымша өндірістік қуаттарды, әскери техниканы және қаруды өз бақылауына алғанына қанағаттанбайды. Ол күллі Украина жаулап алып, жорығын ары қарай жалғастыруы мүмкін.
Батыс елдері Киевке көмек көрсетуге жұмсалып жатқан бюджет қаражатының алаңдаушылық білдіруде. Қазір ақша бөлуді тоқтататын болса, онда Ресей НАТО елдеріне қарсы гибридтік немесе кең ауқымды соғыс қимылдарын бастағанда бұдан да көп ақша жұмсауға тура келеді. Путиннің дегеніне көнетін болса, соғыс қимылдары тоқтайтыны екіталай. Тарихқп көз жүгіртетін болсақ, Екінші дүниежүзілік соғыс басталар алдында Гитлерге де осылай жасалған еді.