Астанадан Лукин сенатор болып сайланды:

Астанадан Андрей Лукин сенатор болып сайланды. Күні кеше президенттік тізім бойынша сенат депутаты болған Лукин дауыс берушілердің 65,5% дауысын жинады.

«Астана су арнасы» директоры Табиғат Зейнұлқабденге дауыс берішлердің 20,7%-ы, жеке компания директоры Сайранбек Әбілқайырға 13,8%-ы дауыс берді.

61 жастағы Андрей Лукин 2019 жылдың тамызынан бері сенатор болып жұмыс істейді. Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары, Астана әкімінің орынбасары, Қаржы полициясы төрағасының бірінші орынбасары, Индустрия және сауда вице-министрі болған.

Астанадағы сайлау екі жылдай депутат болған Ақылбек Күрішбаевтың парламенттен кетуіне байланысты тағайындалды. Әуел баста сайлау желтоқсанға жоспарланған және оған негізгі үміткер Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Садықов болды. Алайда, желтоқсан айында кандидаттарды қайта ұсыну барысында ол сайлауға қатысу үшін өз құжаттарын тапсырмады.

Бірнеше күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Лукинлі сенатор ретіндегі өкілеттігін тоқтатты.

Сенбі күні дауыс берушілер — барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары еліміздің әр өңірінен 20 сенаторды таңдады.

Добавить комментарий