Ресей президенті Владимир Путин америкалық актер Стивен Сигалды Достық орденімен марапаттау туралы құжатқа қол қойды.
Хабарланғандай, Сигал 2016 жылы Ресей паспортын алған — құжатты оған РФ президенті жеке өзі тапсырды.
Тиісті жарлық дүйсенбі күні құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.
«Халықаралық мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін РФ Сыртқы істер министрлігінің АҚШ және Жапониямен гуманитарлық байланыстар жөніндегі арнайы өкілі Сигал Стивен Фредерик Достық орденімен марапатталсын», — делінген хабарламада.
2018 жылдан бастап Сигал Ресей СІМ РФ мен АҚШ-тың, сондай-ақ Жапониямен гуманитарлық байланыстар жөніндегі арнайы өкілі қызметін атқарады.
Сигал Беларуське 2016 жылы екі рет келіп, Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездескен, 2019 жылдың жазында «Шимко достарын жинайды» фестиваліне қатысты.