Ақтөбенің экс-әкіміне қатысты үкім шығарылды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-41380-1666935303-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Ақтөбенің бұрынғы қала әкімі қызметтік бабын пайдаланып қылмыс жасағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Хабарланғандай, Абат Көбенов 2020 жылы қала әкімдігі аппаратының басшысы болып қызмет атқарып жүріп, танысына 1 млн 383 мың теңге алған. Ол аталған ақшалай сыйақыға жер телімін беремін деген. Танысы оған ақшаны шенеуніктің банк картасына аударған.

Абат Көбеновке қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс Ақтөбедегі қылмыстық сотта қаралды. Айыпталушы кінәсін толық мойындады. Алаяқтық жасағаны үшін оны айыппұлмен, не бас бостандығынан айырып немесе шектеп жазалауы мүмкін.

Сот Абат Көбеновті 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оны өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырды.

Добавить комментарий