Путин бастаған арнайы операция Ресей аумағына келді

«Путин бастаған АӘО және оның мақсаты, себебі және т.б. туралы ақпарат тек бұқаралық ақпарат құралдарында ғана емес, ресейлік түрлі оқу орындарында айтылып жатыр. Осылайша, Путин режимі ересектерде ғана емес, балаларға да Украинадағы қанды соғысқа деген «дұрыс» көзқарасты қалыптастыруға тырысуда», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.

Бірақ соғыс қимылдары басталғалы әр айда, ал соңғы кездері әр аптада РФ президенті бастаған Украина аумағындағы «арнайы операция» Ресей аумағына өткені байқалуда, деп хабарлайды әскери мамандар.

Мұны Ресей Федерациясының азаматтары байқап отыр, олар 18 ай бұрын Украина аумағындағы ұрыс қимылдары өздеріне еш әсер етпейтініне сенімді болған. Енді ресейліктер «соғысты» сезіну үшін ұрыс алаңына аттанудың қажеті жоқ, өйткені көптеген облыстарда жауынгерлік дрондар мен зымырандардың шабуылынан жарылыстар немесе әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі іске қосылып жатыр.

Фото: Соңғы айларда Ресей аумағына дрондар мен зымырандар шабуылы жиілеп кетті

Соңғы айларда Ресей аумағында дрондар мен зымырандар шабуылы жиілеп кетті. Бұл ретте Украинамен шекаралас облыстар күніне бірнеше рет шабуылға ұшыраула. Мәселен, Белгород облысы күніне бірнеше рет жүйелі түрде жауынгерлік дрондардың шабуылына ұшырайды. Мәскеу мен Мәскеу облысына да ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар жиі шабуыл жасайды.

Ростов облысының губернаторы Василий Голубев қаладағы жарылыстар туралы жергілікті тұрғындардың шағымдарына жауап бере отырып, бұл жай ғана аса жылдамдықпен ұшқан ресейлік ұшақтың дауысы деп мәлімдеді.

«Айта кету керек, Киевтің Ресей аумағы бойынша жасалған сәтті шабуылдары ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныстың сенімсіздігін көрсетеді., дейді әскер саладағы сарапшылар Қырым әскери базалары, вэродромдар мен Қырым көпіріндегі жарылыстар ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін тек қағаз жүзінде ғана қуатты екенін көрсетіп отыр», — деп мәлімдейді саясаттанушылар.

Фото: Соңғы айларда Ресей аумағына дрондар мен зымырандар шабуылы жиілеп кетті

Олардың айтуынша, ұшқышсыз басқарылатын ұшақтардың шабуылы — Украина аумағы бойынша жасалған зымыран шабуылдарына қарымта жауап. Кремль жоспарлы түрде Украинаның маңызды энергетикалық инфрақұрылымына барынша көп залал келтіруге тырысты.

«Түптеп келгенде, Путин Ресей аумағына соғысты «әкелген» адам немесе РФ-да әлі күнге оны арнайы әскери операция деп атайды», — деп мәлімдейді саясаттанушылар.

Добавить комментарий