Путин қанды соғысты жалғастыруға дайын: сарапшылардың пікірі

Ресей президентінің Украинаны бақылауына алу мақсатынан бас тартқан жоқ, деп мәлімдеді өткен айдың ортасында НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг, және ол Киевке әскери көмекті жалғастыруға шақырды. Бұған дейін АҚШ-тағы Соғысты зерттеу институты да қанды қанды соғысқа қатысты дәл осындай баға берген болатын. Олардың талдауына сәйкес Ресей президентінің алға қойып отырған мақсаттары өзгеріссіз қалып отыр — Украина аумақтарын жаулап алу.

Путин қанды соғысты жалғастыруға дайын. Батыстық саясаттанушылар Путиннің айтқан сөздері мен әрекеттерін алға тартып, осындай пікір білдіруде. Мысал ретінде: РФ-да мобилизация жүргізу, жаңа аумақтарды қосып алу бойынша референдумдар өткізу шешімі, сотталған азаматтарды мобилизация аясында әскерге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа заң немесе Ресей армиясының шетелде «операцияларды» жүргізу барысында экономиканы әскери жағдайға көшіруге мүмкіндік беретін «арнайы шаралар» туралы заң және т.б. келтіріледі.

«Он ай үздіксіз қарқынды жүргізілген ұрыс қимылдары, сондай-ақ түрлі сарапшылардың қорытындылары соғысты қолдайтындарды бір ой түюге итермелеуі тиіс: конвенциялды соғыста Украина әскери жеңіліске ұшырауы мүмкін сценарий жоқ. Бұл математикалық тұрғыдан мүмкін емес оқиға», — деп мәлімдейді батыстық сарапшылар. «Соғыс қимылдары басталғанда Украина Қарулы Күштері ұрыс алаңында іс жүзінде қорғанды десе болады, бұл ретте Украинаға жақсы даярланған және жабдықталған РФ әскерінің бөлімшелері шабуыл жасады. 10 айдың ішінде жағдай түбегейлі өзгерді.

Батыс сарапшылары Украина аумағындағы соғыс қимылдары жалғасады деп есептейді

Қазіргі таңда Киевке әлемнің дамыған елдерінің басым көпшілігі және көптеген әлемдік көшбасшылар әскери-экономикалық қолдау көрсетіп келеді, жоғарыда көрсетілгендей Украинаны қолдауды барынша арттыруға шақыруда», — деп мәлімдейді батыстың саясаттанушылары. Олар сондай-ақ Ресей әскерінің қосымша әскери техникамен, жабдықтармен, әскери формамен және т.б. қамтамасыз ету мәселесінде бірқатар проблемалары барын атап өтті.

Британия барлау қызметі «Ресей армиясында кең тамыр жайған сыбайлас жемқорлыққа байланысты мобилизацияланған ресейліктер нашар жабдықталғанын және оларға жеке жабдықтау бағдарламасы аясында берілуі тиіс броньды кеудешелерді өз қалтасынан ақша шығарып, қымбат бағада сатып алуға мәжбүр екенін» хабарлады. Бірқатар БАҚ британдық және америкалық барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, РФ КХДР-нан артиллериялық снарядтарды, ал Ираннан шабуыл жасайтын ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарды сатып алуға мәжбүр екенін хабарлады.

Батыс сарапшылары Украина аумағындағы соғыс қимылдары жалғасады деп есептейді

Өз кезегінде бірқатар БАҚ бұған дейін КХДР ресейлік әскерилер үшін қысқы әскери форманы тігуді бастағанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ Беларусь Ресейге қоймасында тұрған танктерін беретіні туралы ақпарат тарады. Сарапшылар Украина аталған соғыста жеңіске жететінін нық сеніммен айта алмауда. Олардың пікірінше, бұл үшін әлі де көп күш-жігер мен қару-жарақ қажет.

«Жеңіске жету үшін украиналық әскерилердің жабдықтары мен қауқары жете ме, жоқ па ешкім білмейді. Қалай болғанда да бұл ұзақ уақыт алады. Сондықтан бейбіт келіссөздер ең ұтымды нұсқа. Айта кету керек, Украина президенті Владимир Зеленский «бейбітшілік формуласын» ұсынған, алайды оны Кремль қабылдамады. Сондықтан РФ-ның билігі ауыстпайтын болса, онда бейбіт келіссөздер жүргізілмейді деген қорытынды жасауға толық негіз бар. Бұл жауынгерлік қимылдар ұзақ жылдарға жалғасуы мүмкін екенін білдіреді», — деп мәлімдейді саясаттанушылар.

Добавить комментарий