Украина президенті Владимир Зеленский Украина соғыс алаңындағы әскерилерді қолдау үшін мобилизацияланған сарбаздардың санын арттыру туралы әскерилердің сұрауын қарастыру маңызды екенін жариялады. 23 тамызда өткен баспасөз мәслихатында Зеленский мобилизацияны күшейту мәселесіне мұқият талдау жүргізіп, түсіністік таныту қажет ететінін атап өтті.
«Сіздермен ашық сөйлескім келіп отыр: әскерилер маған көбірек адамды мобилизациялауды сұрады. Әзірге қосымша басқа ешнәрсе айта алмаймын», — деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Зеленский мобилизацияға байланысты процестерді оңтайландыруды маңызды екенін атап өтті. Ол аталған процедураынң жылдам әрі тиімді өтуін қамтамасыз ету үшін әскери комиссариаттар мен дәрігерлік комиссияның жұмысын жақсы ұйымдастыру қажет екенін атап өтті.
«Мобилизациялау туралы айтпас бұрын мобилизацияға байланысты барлық процесті жеделдету және оңтайландыру қажет. Бұл маңызды мәселе және біз оны қалай және кім ұйымдастыратынын анық түсінуіміз керек», — деп атап өтті Зеленский.
Президент сондай-ақ қоғамдағы көңіл-күй туралы өз ойымен бөлісті. Ол көптеген адамдар жетістіктерді көріп отырғанына қарамастан, Украинаның алдында әлі де сын-қатерлер тұрғанын ұмытпау керек деп атап өтті. Зеленский басты жеңіс — мемлекетті сақтап қалу екенін және бұл украиналық әскерилер мен халықтың күш-жігерінің арқасында мүмкін болып отырғанын атап өтті.
«Біз елімізге төнген барлық қауіп еңсерілгеннен кезде ғана толықтай жеңіске жеттік деп айта аламыз», — деп түйіндеді сөзін президент.