Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев Санкт-Петербургке барды. Мемлекет басшысы XXV Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке келді.
Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан және Башқұртстан президенттерімен кездеседі. Одан кейін Президент Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының жалпы отырысына қатысады.
Сапар соңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездеседі деп жоспарланған. Кездесу не мәселе талқыланатыны хабарланбады.