
Нидерландыда Ресейге қарсы санкциялардың сақталуын бақылайтын үйлестірушіні тағайындау туралы шешім қабылданды.
Үйлестіруші лауазымын атқаруға елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Стеф Блок тағайындалды.
Бұл туралы Нидерланды үкіметінің дүйсенбі күні таратқан мәлімдемесінде айтылған.
2018-2021 жылдары аралығында Голландия сыртқы саяси ведомствосын басқарған Блок бейінді министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың іс-қимылдарын үйлестіруге баса назар аударады. «Бұл Еуропа елдерінің санкциялық тізіміне енген ресейлік жеке тұлғалар мен ұйымдарды іздестіруді қамтиды, — деп атап өтті үкіметтегілер. — Ұлттық үйлестіруші жұмылдырылған ведомстволар тарапынан санкциялардың тиімді сақталуын қамтамасыз етуі керек».
Дүйсенбі күні ұлттық үйлестірушінің төрағалығымен үкіметік топтың бірінші кездесуі өтті.