Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
Ол Twitter-дегі құттықтау хабарламасында: «Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!»
Еске сала кетейік, 4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтіледі. Еліміздің көк туы, елтаңба және гимн Қазақстанның мемлекеттік рәміздері ретінде 1992 жылғы 4 маусымда бекітілді. 2007 жылдан бастап бұл мереке ресми болып, жыл сайын атап өтіледі.