Бас прокуратура Қылмыстық кодекске өзгерістер дайындады

Бас прокуратура өлім жазасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген түзетулерді талқылауға шығарды.

Естеріңізге сала кетейік! Қазақстан өлім жазасына мораторий енгізу туралы халықаралық хаттамаға қосылды.

«Бас прокуратура өлім жазасы бойынша НҚА порталында талқыланған заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Бұл заң жобасы қазір сараптамадан өтіп жатыр. Одан кейін құжатты Үкіметке жолданып, мамыр-маусым айларында парламентке енгізуді жоспарлап отырмыз», — деп хабарлады Сенаттың жалпы отырысында бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов.

2021 жылғы желтоқсанның соңында Қазақстан парламенті «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады. Құжаттың талаптарына сәйкес, қол қоюшы елдер өлім жазасын қолданбау, өз юрисдикциясы аясында өлім жазасының күшін жою үшін барлық қажетті шараларды орындау міндеттемесін қабылдайды

«Жалғыз ерекшелік соғыс уақытында өлім жазасын қолдану туралы заңды түрде рәсімделген ескертпе болған жағдайда рұқсат етіледі», — деп хабарлады бұған дейін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Қазақстан дәл осындай ескертпені пайдалануға ниетті екені хабарланды. Бірақ Республика соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылғаннан кейін соғыс уақытында жазаны қолдана алады.

Добавить комментарий