Нидерланды СІМ хабарлағандай, елден ресейлік 17 дипломат шығарылады. Хабарламада айтылғандай, мұндай қадамға «жалпы және әскери барлау қызметтерінен алынған ақпарат» негіз болды.
«Бүгін Ресейдің [Нидерландыдағы] елшісі СІМ-ге шақырылды, — деп мәлімдеді ведомство өкілі. — Елшіге Нидерландыдан 17 барлау офицері жіберілетінін хабардар етті».
Мұндай қадамға «Нидерландыдағы Ресей өкілдіктерінің жанынан дипломат ретінде аккредиттелген тұлғалар барлау жқмыстарын жасырын жүзеге асырғанын куәландыратын жалпы және әскери барлау және қауіпсіздік қызметтерінен алынған ақпарат» негіз болды.
СІМ хабарлағандай, аталған тұлғалар қалаусыз деп танылды, ал оларды ел аумағынан шығару ұлттық қауіпсіздікті қорғау шаралары аясында жүзеге асырылуда.
«Тәжірибе көрсеткендей, Ресей мұндай шараны жауапсыз қалдырмайды, — деді Нидерланды Сыртқы істер министрі Вопке Хукстра. — Біз бұл мәселеге болжам жасай алмаймыз, дегенмен СІМ әртүрлі сценарийлерге дайын».
Бұған дейін бірқатар ЕО елдері, оның ішінде Болгария, Латвия, Литва, Польша, Словакия және Эстония ресейлік дипломаттарды елден шығарып жібергенін жариялаған.