Қазақстанда алдағы үш күнде аяз басылады

Қазақстанда жаңа жылдың алғашқы үш күнінде аяз басылады деп күтілуде.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі: «Ақ теңіз аудандарынан жылжып келе жатқан Солтүстік-Батыс циклон, республикамыздың батысында жауын-шашын (көбінесе қар) тудырады, содан кейін шығыс бағытта жылжып республиканың қалған бөлігіне жетеді. Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел 15-23 м/с дейін күшейеді, батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ, солтүстік және орталық өңірлерде бұрқасын күтіледі. Жалпы республика бойынша ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы және аяздың бәсендеуі күтіледі.», — делінген жұма күні жарияланған 1-3 қаңтарға арналған ауа райы болжамында.

03 қаңтарда еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 10…18, күндіз 3-8 градус аяз болады, оңтүстік жартысында термометр бағанасы 0-5 градусқа жетеді, кей жерлерде 0 … 10 аяз, күндіз 3 … 13 жылы.

Добавить комментарий