Польша Украинамен жүк көлік жүргізушілеріне арналған «көліктік визаны» алып тастау туралы келісімге өзгерістер енгізуді ұсынды

Польша Еуропалық Одақ пен Украина арасында жүк көлік жүргізушілеріне «көліктік визаны» алып тастау туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ұсыныс тастамақ. Бұл польшалық жүк көдік жүргізушілері ел үкіметімен бірқатар талаптарға қатысты келісімге келіп, шекара өткелдеріндегі наразылықтарды уақытша тоқтатқаннан кейін орын алып отыр.

Польшаның Инфрақұрылым министрлігі Еурокомиссияға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жолдағанын хабарлады. Министрдің орынбасары Павел Ганчаж Украина тарапын бірлесіп жұмыс істеуге шақырып, Польша қабылдаған қадамдар екі ел үшін де қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.

Польшалық тасымалдаушылар 2023 жылғы қарашада «көліктік визаны» алып тастауды талап етіп, наразылық білдіре бастаған. 2024 жылғы қаңтарда ел үкіметімен келісімге қол жеткізіп, олар наразылық шарасын уақытша тоқтатты. Жүк көлік жүргізушілерінің негiзгi талаптарының бiрi украиндық компаниялар мен еуропалық жүк тасушылар үшiн рұқсат беру жүйесiн қалпына келтiру.

Польша барлық тараптар үшін өзара тиімді жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап көрсете отырып, ынтымақтастыққа шақырады. Келіссөздер жақын арада жүргізіледі деп күтілуде және өзгерістер ЕО мен Украина арасындағы транспорттық байланыстарға әсер етуі мүмкін.

Добавить комментарий