Польша Украинаға жаңа сарапшылар тобын жібереді

Польша әскери қылмыстарды анықтау мен тіркеуге көмектесу үшін Украинаға миссиясын жіберетінін жариялады

Жақын арада Польшадан Украинаға сарапшылар миссиясы келеді, олар прокурорлар мен тергеушілерге көмек көрсетеді.

Бұл туралы Украина Бас прокурорының кеңсесі хабарлады.

Варшавада жүрген Бас прокурор Андрей Костин Польшаның Бас прокуроры — Әділет министрі Збигнев Зебромен кездесті. Украинаға практикалық көмек және екі ведомствоның одан арғы ынтымақтастығы мәселесі талқыланды.

«Литвамен бірге Бірлескен тергеу тобының (JIT) тең құрылтайшысы болған Польшаның қолдауы біз үшін өте маңызды. Біз әділеттілікті қалпына келтіру жолында бірге жұмыс істеп жатырмыз», — деді Андрей Костин.

Ол сондай-ақ он тәулік бойы украиналық әріптестерімен бірге әскери қылмыстарды тергеуде тиімді жұмыс істеген польшалық сарапшылар миссиясының жұмысы үшін алғыс айтты. Полбшалық мамандар қалалардағы зақымдануларды 3D-сканерлердің көмегімен тіркеуге көмектесті.

Украинаға әскери қылмыстарды тіркеуде украиналық құқық қорғау қызметкерлеріне көмек көрсету үшін сарапшылық миссиясының қайта келу мәселесі талқылагды.

Пан Збигнев Зебро Польша тарапы Украинада болып жатқан оқиғаларды мұқият қадағалап отырғанын атап өтті. Ол сондай-ақ Польшаның Украинаны ел ішінде және халықаралық аренада ұлттық деңгейде қолдауға және барлық бастамаларды іске асыруға дайын екеніне сендірді.

Добавить комментарий