Еліміздің ең көне жоғары оқу орындарының бірінің шетелдік студенттері оқыту деңгейіне, қажетті материалдық-техникалық және ғылыми базаның жоқтығына, профессорлық-оқытушылық құрамның жоқтығына наразы болды.
Олардың бақылаушы инстанцияларға өтініштері негізінде көптеген тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде Алматыдағы Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы (ҚазККА) лицензиясынан айырылды.
Білім және ғылым министрлігіне шетелдік студенттер жүгінді, олар оқу ақысын төлеп, ал бірақ іс жүзінде Академияда оқымады.
Тексерулер бір жыл бойы жүргізілді. Білім беру саласындағы заңнаманы өрескел бұзушылықтары анықталды. Бұл туралы БҒМ-де мәлімдеді.
Қажетті оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер болмаған, оқу процесі сапалы профессорлық-оқытушылық құраммен және өндірістік практика базаларымен қамтамасыз етілмеген.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингі бойынша Академияның білім беру бағдарламаларының 60%-ға жуығы жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмейді.
«ЖОО ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Студенттердің алаңдауына ешқандай себеп жоқ. Оларды басқа жоғары оқу орындарына грантын сақтай отырып, ауыса алады. Ақылы негізде білім алғандар үшін оқу құнын көтермей осы жоғары оқу орнының орналасқан жері бойынша ауыса алады. Ауысу үшін оларға семестрдің аяқталуын күтудің қажеті жоқ, біз қазірден бастап ауысуға рұқсат бердік», — деді БҒМ комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.
Ол айтып өткендей, ҚазККА базасында мектеп немесе колледж құру туралы ұсынысты қарауға болады. Осылайша, білім беру мекемесін тәртіпке келтірудің орнына, оны жай ғана жояды. Мұндай шешім кімге тиімді екені қызық.
Қазір Академияда бес мыңнан астам адам білім алуда. Оқу құны білім беру бағдарламасына байланысты — 427 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін (3 500 долларға дейін).
«Өкінішке орай, бір жыл бойы ҚазККА-ге шағымдар толастаған емес.Академияның 30-шы жылдардан бастау алған тарихына қарамастан, ЖОО басшылығы осы жағадайға жеткізді. Кезінде дәл осы ЖОО темір жол саласын сапалы кадрлармен қамтамасыз ететін. Бірақ қазіргі таңда бұл білім ордасында болашақ мамандарды тиісті деңгейде даярлау бойынша түйткілді мәселелер жетерлік. Бұл экономиканың осындай стратегиялық маңызды саласы мен елдің қорғаныс қабілеті үшін жарамсыз. Осыған ұқсас бағыттары бар жоғары оқу орындарының күш-жігерін біріктіру керек шығар», — деп атап өтті Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.