Польша мен ГФР Patriot әуе шабуылына қорғаныс жүйесін орналастыру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуде

Германия канцлері Олаф Шольц ГФР Польша аумағында Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін орналастыру мәселеcі бойынша Польшамен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Қазір біз оның қалай жүзеге асырылатынын зерделеп жатырмыз. Екі қорғаныс министрлігі де тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуде», — деді Шольц дүйсенбі күні Берлинде бейнеконференция форматында өткен G7 елдері басшыларының кездесуінің қорытындысы бойынша.

Дүйсенбі күні Польша президенті Анджей Дуда Германия ұсынған америкалық Patriot жүйесі республикаға тез арада жеткізілетініе сенім білдірді. Өткен аптада Польша вице-премьері, Ұлттық қорғаныс министрі Мариуш Блащак хабарлағандай, Германия Patriot жүйесін Украинаға жеткізуден бас тартты, оларды Польшаға орналастыру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.

21 қарашада ГФР Қорғаныс министрі Кристина Ламбрехт Польшаға қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, соның ішінде Patriot батареяларының көмегімен қолдау көрсетуді ұсынды, оны Варшава құптады. Кейінірек Блащак ГФР-ге батареяларды Украинаның батысына орналастыруды ұсынды, Ламбрехт оған бас тартты. Германия билігі әріптестерімен кеңеспей Киевке қару-жарақ бермейтінін бірнеше рет мәлімдеді.

Добавить комментарий