Францияда сабақ кезінде Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен тарих пәні мұғалімінің басын кесіп алған

БАҚ-тың хабарлауынша, Францияда оқытушы сабақ кезінде Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен соң, оның басын кесіп алған.

Париж маңында оқушыларға Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен мектептердің бірінің тарих пәні мұғалімінің басы кесілді, деп хабарлайды Euronews.

Қылмыс 16 қазан, жұма күні Конфлан-Сент-Онорин коммунасында болған. Мұғалімнің денесі оқу орнына жақын жерде табылды. Оқиға куәгерлері ер адамға шабуыл жасаған адамның «Аллаһ акбар» деп айқайлағанын естіген.

Полицейлер пышақпен қаруланған күдіктіні көрші Эранья қаласында тапты. Құқық қорғау қызметкерлері оның қаруын жерге тастауын талап еткен, ол бас тартты. Полицейлер оған оншақты рет оқ атқан. Францияның бірқатар ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол оқ жарақатынан қайтыс болған.

5 қазанда мұғалім БАҚ бостандығы туралы талқыланған сабақты өткізді. Мұғалім Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсетпек болып, Ислам дінін ұстанатын оқушыларға сыныптан шығуын сұрады.

Кейін ата-аналар мұғалімге шағым түсірді. Сонымен қатар, оқушылардың бірінің әкесі мұғалімнің әрекетіне сын айтып бейнебаян жазды, артынан желіге жариялады. Тергеу қылмыстығ осы бейнебаянмен байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Францияның бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, қылмыскер оқушылардың бірінің ата-анасы немесе туысы болған. Сондай-ақ, болжам бойынша, қылмыскер шешен тумасы, ол 18 жаста болған, Мәскеуде дүниеге келген болуы мүмкін.

Baza телеграм-арнасының хабарлауынша, Франциядағы Ресей консулдығы күдіктінің 18 жастағы Мәскеу тұрғыны екенін растады.

Оқиға орнына Франция президенті Эммануэль Макрон келді. Ол қылмысты террористік шабуыл деп атады. «Біздің отандасымыз ұстаздық еткені үшін, балаларға сөз бостандығын, сену немесе сенбеу еркіндігін үйреткені үшін өлтірілді. Біздің отандасымыз лаңкестік шабуылдың құрбаны болды», — деп мәлімдеді Макрон.

Елдің білім министрі Жан-Мишель Бланкер тарих пәні мұғалімін өлтіруді Францияға жасалған шабуыл деп атады.

«Бүгін кешке республикаға, оның қызметшілерінің біріне, мұғалімге жантүршігерлік шабуыл жасалды. Бүгін кешке мен оның жанұясына көңіл айтамын. Біздің бірлігіміз бен табандылығымыз — исламшыл терроризмге берілетін жалғыз жауап. Біз қарсы тұрамыз», — деп жазды министр Twitter-де.

Добавить комментарий