Латвияның қорғаныс министрі Артис Пабрикс Беларусь жерінен ЕО-ға өтуге жиналған мигранттарды Балтық елдері мен Польша қабылдамайтынын мәлімдеді. «Балтық мемлекеттері мен Польша мигранттарды қандай жағдай болмасын қабылдамайды, — деді ол Латвия радиосының эфирінде. — Біз қабылдамаймыз». Естеріңізге сала кетейік! Батыс елдерінің көшбасшылары Беларусь арқылы ЕО-ға өтпек болып отырған мигранттарға оң қабақ танытып отырған жоқ.