Алматының санитарлық дәрігерлері аязда бетпердені дұрыс киюге кеңес берді

«Аяздды күні төмен температурада көшеде медициналық бетперде тағып жүру керек пе?», — деген сұраққа Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова жауап берді.

Онлайн-брифинг барысында журналистер суық ауа райы кезінде бетперде тағу қажеттілігін сұрады. Олар көршілес Ресейде дәрігерлер бетперденің суланып кету салдарынан суық тиіп кету қаупі туралы азаматтарды ескерткенін атап өтті.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен Алматы СЭБД-нің жариялаған бетперделерді тағуға қатысты талаптар бар. Суық ауа райы кезінде көшеде бірнеше адам жүргенде бетперде тағу міндетті, адам таныстарымен сөйлесу кезінде бетперде тағуы тиіс. Сондай-ақ, бетперделерді ауыстыру ережесі бар, егер маска суланса, оны екі-үш сағат бойы киіп жүрудің қажеті жоқ, оны бірден ауыстыру керек», — деп жауап берді Әсел Қалықова.

Добавить комментарий