Полиция қызметкерлері велосипедшіні қағып кеткен мотоцикл жүргізушісін ұстады

Алматыда велосипедшіні қағып кеткен мотоцикл жүргізушісінің жеке басы анықталды. Оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады.

Жол апаты 27 маусым күні Әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшесінің қиылысында орын алды.

«Белгісіз жүргізуші Honda мотоциклін басқарып келе жатып, велосипедтегі 1978 жылы туған К. есімді азаматты қағып кетті. Салдарынан велосипедші оқиға орнында тіл тартпастан кетті. Жол апаты орнынан жалтарып кеткен мотоцикл жүргізушісі ұсталды», — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Добавить комментарий